Бас Ассамблея Ресейді репарация төлеуге шақырды
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Ресейді Украинаға репарация төлеуге шақыратын резолюция қабылдады. Оны 193 елдің 94-і қолдап дауыс берген.
Бұл қарар міндетті түрде орындалмаса да, саяси маңызға ие. Ресейдің осы ұйымдағы тұрақты өкілі құжат мақұлданғаннан кейін, Батысты Ресейдің жүздеген миллиард доллар қаражатын заңсыз шығындамақ деп айыптады.
Ал Украина елшісі Сергей Кислицаның пікірінше, Ресей әскері үйлерді, ауруханаларды, зауыттар мен фабрикаларды қиратып, адамдарды қырғынға ұшыратқаны үшін құн төлеуге міндетті. Бұған дейін халықаралық ақпарат агенттіктері шетелде Ресейдің 300 миллиард долларлық активтерінің бұғатталғанын хабарлаған еді.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16