Толық емес отбасылар үшін үй алуға жеңілдік беру ұсынылды
Толық емес отбасыларға несиеге үй алуға жеңілдік беру керек. Мұндай ұсынысты Сенат депутаты Серік Шайдаров Үкімет сағатында айтты. Қазір елде 148 мыңнан астам толық емес отбасы баспанаға мұқтаж. Олардың 60 пайызының табысы күнкөріс деңгейіне де жетпейді.
Асылбек Данияр, тілші:
Бірер ай бұрын толық емес отбасы санаты «Бақытты отбасы» бағдарламасынан шығарылған еді. Себебі жалған ажырасу көбейіп кеткен. Мысалы 2019 жылы осындай 27 400 жағдай тіркелсе, бір жылдан кейін бұл сан 2 есе көбейген. Қазіргі жүйе бойынша олар 5%-дық ипотекамен үй ала алады. Бірақ, сенатор мұны тиімсіз, әрі пайызы көп дейді. Сондықтан мәселені жан-жақты зерделеп, халықтың осы санатын тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаларға өзгерістер енгізуі керек деген ұсыныс айтты. Бұдан бөлек, тұрғын үйге қол жеткізе алмай, кезек күтіп жүрген 88 Ұлы Отан соғысының ардагері бар. Сенатор жасы жүзге келген қариялар үшін бұл орындалмас арман болып қалама деп алаңдаушылық білдірді.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16