Екібастұз қаласында жағдай әлі де тұрақсыз
Екібастұз қаласында жағдай әлі де тұрақсыз. Магистральді желілер судың қысымын көтере алмағандықтан, апатты тоқтату қиынға соғып жатыр. Бұл туралы ағымдағы жағдай бойынша өткен брифинге айтылды.
Асылбек Данияр, тілші:
Әзірге қандай да бір өзгеріс болды деп айта алмаймыз. Апаттың салдарымен күресте пәтер иелері кооперативінің әрекеті стансалардың жағдайын қиындатқан. Облыс әкімі міндетін уақытша атқарушы Олег Круктың айтуынша, олар жөндеу бригадаларын күтпестен, ақауды өз күшімен жоймақ болған. Яғни іштегі судың бәрін ағызып жіберу арқылы ақауды жоюға тырысқан. Қазір арнайы жасақ құрылып үй-үйді аралап жүр.
Олег Крук, Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы:
Біз станицядағы жағдайдың нашарлап кеткенін көріп отырмыз. Қазір орталықтандырылған жылу жүйесінен 17 үй ажыратулы қалып отыр. Желі арқылы су жібергеннен кейін магистральдің жұмысы қалыпқа келуі керек болған. Стансалардағы судың мөлшері шекті деңгейге шығып кетті. Осылайша тұтынушыларға судың берілуін 950-1000 тоннаға дейін шектеуге тура келді.
Асылбек Данияр, тілші:
Сондай-ақ, магистральді желілердің тозғаны соншалық, бір құбырды бітеп болысымен басқа құбырлар жарылып кетіп жатыр. Бұдан бөлек, қалада облыс орталығынан келген 30 шақты полиция тұрғындары көшіп кеткен үйлерді, апат болған көшелерді тәулік бойы екі ауысыммен күзетіп тұр. Қалалық полиция басқармасы басшысы соңғы бес тәулікті ешқандай ұрлық фактісі тіркелмеген.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16