Екібастұзда жағдай әлі де тұрақсыз
Екібастұзда жағдай әлі де тұрақсыз. Қаладағы 49 тұрғын үй жылусыз отыр. Тағы бірнеше үйде ішетін су жоқ. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқатушы Олег Крук сол жерде жұмыс істеп жатқан арнамыздың түсірілім тобына берген сұхбатында айтты.
Асылбек Данияр, тілші:
Кешеден бері жедел жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 9 үйге жылу берілген. Сонымен бірге тағы 32 көпқабатты үйге жылу беру жоспарланып отыр. Ал ЦТП 52 шағын ауданындағы 17 үйге қашан жылу берілетіні белгісіз. Облыстың штаб басшысы тұрғындарды алаңдамауға шақырды. Барлық тиісті көмек беріледі,-дейді.
Олег Крук, Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы:
Біз білетін 58 үйде ауыз су жоқ. Бұл сандар бұдан да көп болуы мүмкін. Әлі де қиындықтар бар. Қаладағы жарылған құбырлар қалпына келтірілді. Бірақ, жылу беру кезінде судың қысымынан үйлердегі жылу батериялары жарылып жатыр. Мұндай жағдай кезінде тұрғындардан өз бетінше әрекет етпеуге шақырамыз. 300-ден бригада мүшелері жұмыс істеп жатыр.
Асылбек Данияр, тілші:
Қазір қалада күндіз-түні бос қалған үйлерді полиция қызметкерлері күзетіп тұр. Ешқандай ұрлық фактісі тіркелмеген. Жауапты органдар тұрғындарға фейк ақпарат таратпау керегін ескертеді.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16