«Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығының иегерлері марапатталды
Астанада «AMANAT» партиясының қолдауымен Қазақстан мүгедектер конфедерациясының «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Шара 15 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Мақсат-тағдырдың қатал сынына ұшыраған жандардың тұлғалық дамуы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашу.
Биыл байқауға қатысуға еліміздің барлық өңірінен 100-ден астам өтінім келіп түскен. Соның ішінде үздік деп танылған 7 адамды «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов марапаттады. Жеңімпаздардың әрқайсысы 1 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды.
Ерлан Қошанов, «Аmanat» партиясының төрағасы:
«Жан Шуақ» іс-шарасына биыл 15 жыл толып отыр екен. Қаншама жаңа есімдер, жаңа тұлғалар өз ісімен, ерік-жігерімен бүгінде ел мақтанышына айналып отыр. Сіздер ешнәрсеге мойымай асқан рухтарыңыз бен қажыр-қайраттарыңыздың арқасында көпке үлге болып отырсыздар. Сіздерді сол үшін мақтан тұтамыз.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16