«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары белгілі болды
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары белгілі болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жыл сайын өткізілетін дәстүрлі шарада 5 бағыт бойынша үздіктер марапатталды.
Ел тәуелсіздігінің 31 жылдығы қарсаңында өткен конкурстың грант соммасы 3 миллион теңге. Бұл қаржы елдің түкпір-түкпірінен үздік деп танылған 30 адамға берілді. Оны Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі табыстады.
Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
«Тәуелсіздіктің ұрпақтары» грантының мақсаты: белсенді, шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыру мақстында жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын қолдау. Биылғы «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» грантының иегерлерін анықтау бойынша құрылған комиссия мүшелері ауқымды жұмыстар жүргізді. Оларға оңай болған жоқ. Өйткені 2900-ге жуық жас ұсыныс білдірді.
Гранттар жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыруға ұмтылған ел азаматтарына беріледі. Сондай жандардың бірі - тараздық Мұхтарәлі Әбуәлі. Ол көзі нашар көретін және мүлде көрмейтін жасөспірімдерге арнап «Ерекше» деп аталатын жобаны жасаған. Бағдарлама мақсаты - қазақи контентке толы комикстерді басып шығару.
Мұхтарәлі Әбуәлі , «Медиа» бағыты бойынша жеңімпаз:
Жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында басылып шығарылатын кітаптың топтамасы болып табылады. Әзірше сатылымда жоқ, бірақ болашақта қыркүйек айына дейін 100 данасы нарыққа шығады.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16