Зеленский Вашингтонға аттануы мүмкін
Украина президенті Владимир Зеленский бүгін Вашингтонға аттануы мүмкін. Осылайша ол елінде қарулы қақтығыс басталғалы алғаш рет шетелге сапар шекпек. Мұны Құрама Штаттардың бірнеше ақпарат құралы хабарлады.
Олардың қатарында CNN телекомпаниясы мен Politico басылымы бар. Американдық журналистердің дерегінше, Зеленский АҚШ Конгрессінің алдында сөз сөйлеп, президент Джо Байденмен кездеседі. Өзге бір деректерге қарағанда, Украина лидері қазірдің өзінде Құрама Штаттарға ұшып барады.
Америка Сенаты Украина мен НАТО-ға шұғыл көмекке шамамен 45 миллиард доллар бөлу мәселесін қарастырып жатыр. Және де АҚШ Киевке «Пэтриот» зымырандық қорғаныс жүйесін жөнелту жоспарын мақұлдауға жақын.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16