Лавров Киевке ультиматум қойды
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға жер беру, қару тастау, нацизмнен бас тарту туралы ультиматум қойды. Бұл талаптар орындалмаса, аталған мәселелерді Ресей әскері шешетінін ескертті.
Алайда Киев Кремльдің бұл мәлімдемелерін негізсіз деп атап, елден Ресей әскері шығарылғанша, күресті тоқтатпауға бекініп отыр. Өткен тәулікте Ресейдің «Энгельс» әуе базасы тағы да дрондар шабуылына ұшырап, 3 адам қаза тапты. Алайда Украина үкіметі ол оқиға үшін мойнына жауапкершілік алған жоқ.
Ал Украина энергетикалық инфрақұрылымы бірнеше рет қиратылып, миллиондаған адам жарықсыз қалды. Майдан даласындағы ахуалға келсек, президент Владимир Зеленский Донецк облысындағы жағдайдың ауыр екенін хабарлап отыр.
Владимир Зеленский, Украина президенті:
Бахмут, Кременная және Донбастағы өзге аудандар қазір үлкен күшті және ұйымшылдықты қажет етеді. Ондағы жағдай өте қиын және ауыр. Басқыншылар қандайда бір нәтижеге қол жеткізу үшін барлық ресурстарын пайдаланып жатыр. Дегенмен біздің жауынгерлеріміз бекіністерін мықты ұстап, ештеңе жоғалтпауға күш салып отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16