Қытайда шетелден келгендер карантинге жабылмайды
Қытайда қаңтардың 8-нен бастап шетелден келгендер карантинге алынбайтын болды. Бірақ сол жолаушылар осы елге жетерден екі тәулік бұрын тест тапсырып, коронавирус жұқтырмағанын дәлелдейтін құжат көрсетуі керек. Және де Қытай аумағына кірушілерден маска тағу талап етіледі. Мұны осы елдің денсаулық сақтау комиссиясы мәлімдеді.
Айта кетсек, бұған дейін Қытайға барған адам бес күн қонақ үйде оқшауланып, содан кейін үш күн үйге қамалатын. Мұның салдарынан, жергілікті тұрғындар шетелге шығуды азайтып, Қытайға барып жұмыс істеушілер мен білім алушылар саны да күрт кеміген.
Ресми Бейжің нөл-ковид саясатынан немесе қатаң локдауннан желтоқсанның 7-де бас тартуға кірісті. Бірақ содан кейін Қытайда жұқпалы індет қайта өршіп, ауруханалар науқастарға толып, жерлеу бюроларының қызметіне сұраныс артып отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16