БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі тәліптер саясатын айыптады
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Ауғанстандағы «Талибан» үкіметінің әйелдер мен қыз балаларға қатысты саясатын айыптады. Себебі, тәліптер әйелдердің университеттерде оқуына және үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істеуіне тыйым салып отыр. Ал, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш «Талибанды» жаңа тыйымды тоқтатуға шақырды.
Тәліптер Ауғанстанды былтыр қайта басып алды. Содан кейін олар 1990 жылдардағы заңдарын жеңілдетуге уәде берген еді. Алайда, ел провинцияларының көбінде қыздардың орта мектепке баруына, әйелдердің парктерге, спортзалдарға және өзге де қоғамдық орындарға кіруіне рұқсат етілмей отыр.
Роза Отынбаева, БҰҰ Бас хатшысының Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі:
Орта білімнен айыру бірде-бір қыздың екі жылдан кейін жоғары оқу орнына түспейтінін білдіреді. Бұл шешім ауған халқына, тіпті «Талибан» басшылығында да еш ұнап отырған жоқ. Сонымен қатар, осы тыйымды бүкіл Ислам әлемі сынға алды. Және де ол «Талибанның» халықаралық қауымдастықпен қарым-қатынасына нұқсан келтіріп отыр. Бірақ, жаңа заң күшін жоймай келеді, мұның зардабы ұзақ уақыт бойы сезілмек.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16