Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері ауысты
Мырзағали Айтжанов бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері болды. Ол команда басшысы қызметінен өз еркімен кеткен Қайрат Сәтжановтың орнын алмастырды.
Мырзағали Айтжанов ұлттық құраманы 2009-2018 жылдар аралығында басқарған болатын. Сол кезеңдегі ұлттық құраманың ең маңызды тарихи жетістіктері оның есімімен байланысты. Мәселен Лондондағы Олимпиада ойындарында Серік Сәпиев чемпион болып, Вэл Баркер кубогының иегері атанды. Бұл жетістікті Рио-де-Жанейродағы ойындарда Данияр Елеусінов қайталады.
Сондай-ақ ол олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосыновтың жеке жаттықтырушысы. Команда Мырзағали Айтжановпен бірге әлем чемпионаттарында 5 алтын медаль жеңіп алды.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16