Путин өз әскеріне Украинадағы атысты 36 сағатқа тоқтатуға бұйрық берді
Ресей президенті Владимир Путин өз әскеріне Украинадағы атысты 36 сағатқа тоқтатуға бұйрық берді. Ол мұны Православтық Рождество мерекесіне орай қабылдаған. Кремль басшысы мәлімдегендей, Украинадағы ымыра қаңтардың 6-7-сі күндері болады. Алайда, Киев бұл ұсынысты қабыл алған жоқ.
Владимир Зеленский, Украина президенті:
Елімізге қарсы террорды жалғастырып, адамдарын қырғынға жіберіп, агрессияны тоқтату туралы ұсынысымызды қабылдамай отырғандар өмірді бағаламайды. Бейбітшілікке ұмтылмайды. Олар жауынгерлеріміздің Донбастағы ілгерілеуін тоқтатып, құрал-жабдықтарын, оқ-дәрілерін, әскерлерін позицияларымызға аз уақытта жақындатқысы келеді. Бұл оларға не береді? Шығыннан басқа ештеңе емес.
Батыс Киевке брондалған техника бермек
Ал, АҚШ пен Германия Украинаға «Брэдли», «Мардер» атты брондалған машиналарын беруге келісті. Мұны президент Джо Байден мен канцлер Олаф Шольц телефонмен сөйлескеннен кейін мәлімдеді. Берлин мен Вашингтон Киевке тағы бір «Пэтриот» батареясын жіберетін болды.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16