Елде тұмау мен ЖРВИ жұқтыру дерегі күрт өсті
Халық өз денсаулығына бей-жай қарайды. Инкубациялық кезең басталғанын біле тұра, тұрғындар ешқандай сақтық шараларын сақтамайды. Осылай деген Денсаулық сақтау министрінің орынбасары, елдің Бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова елімізде коронавирусқа қарсы шектеулер алынып тасталған соң тұмау мен жедел респираторлы вирустық инфекция жұқтыру дерегі күрт өскен айтады. Мәселен, былтырмен салыстырғанда инфекцияға шалдыққандар саны 25 пайызға артқан. Науқастардың 65 пайызы бала.
Айжан Есмағамбетова, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері:
Балалар өткен 2-3 жылда онлайн оқыған, ол да профилактикалық шара болған. Ал қазіргі кезде барлық бала оффлайн режимде оқиды. Сондықтан инфекцияның таралу жолы үлкейді. Тұмаудың өсуі байқалып отыр. Тұмаудың осы эпидемиологиялдық кезеңдегі ерекшелігі тұмау өте ерте басталды.
Қазір елде коронавирусқа шалдыққандар саны көбейіп отыр. Өткен тәулікте 105 адам індет жұқтырған. Министрліктің ақпаратынша, қазір вирус жұқтырған 2 жарым мың адам ем алып, ауруханаларда 272 адам жатыр. 15 адамның жағдайы ауыр.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16