Бразилияның экс-президенті ауруханаға түсті
Бразилияда экс-президент Жаир Болсонарудың жақтастары президент резиденциясын, конгрессті, Жоғарғы сотты басып алғаннан кейін ауқымды тұтқындау операциясы жүргізілді. Соңғы мәліметке қарағанда, аталған ғимараттар толық мемлекетке қайтарылып, ел астанасы бақылауға алынып, 1500-дей адам қамалған.
Бразилияда үкіметтік мекемелерге жексенбі күні шабуыл жасалды. Сол тәртіпсіздікті ұйымдастырған Болсонару жақтастары президенттік сайлаудың нәтижесін қайта қарауды талап етті.
Алайда жеңіске жеткен Лула да Силва сайлаудың әділ өткенін алға тартып, бұл талапты орындамады. Бүгін түскен ақпаратқа жүгінсек, ішек ауры қайта асқынған Болсонару АҚШ-тың Флорида штатында ауруханаға түскен.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05