«Ауыл аманаты»: Жобаның жаңа кезеңі басталды
Ауыл мәселесі бірінші кезекте шешілуі керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында көрсетілгендей алдағы 7 жылда ауыл тұрғындарының табысын арттыруға 1 триллион теңге бөлу жоспарланып отыр. Нәтижесінде ауыл шаруашылығында 350 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бұл туралы Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барған «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов айтты. Өңірдегі шаруа қожалықтары өкілдерімен кездескен төраға «Ауыл аманаты» жобасының жаңа кезеңін жүзеге асыру жайын талқылады. Жобаға биылдың өзінде 52 миллиард теңге бөлінген. Бұдан бөлек, «Қаржылық сауаттылықты арттыру» жаңа партиялық жобасы іске қосылды.
Ерлан Қошанов, «Amanat» партиясының төрағасы:
Бүгін басталғалы отырған «Ауыл аманаты» жобасы да осының дәлелі. Бұл - ауыл халқының тұрмысын жақсартуға, табысын арттыруға, барлық әлеуметтік мәселелерді шұғыл шешуге бағытталған нақты жоба. Бір сөзбен айтқанда мемлекет бүгінде ауылға түпкілікті бетбұрыс жасап отыр.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16