Германия Ресей мұнайы мен газына тәуелділіктен құтылды
Еуропаның ең ірі экономикаларының бірі Германия Ресей отынына тәуелділіктен құтылды. Мұны Давос форумында осы елдің қаржы министрі Кристиан Линднер мәлімдеді. Оның сөзінше, Мәскеу Украинаға әскер кіргізгеннен кейін неміс үкіметі энергетикалық инфрақұрылымды толық әртараптандыруға кіріскен.
Соның нәтижесінде бүгінде көмір электр станциялары қайта ашылып, үш АЭС-ті жабу жоспары доғарылып, АҚШ, Норвегия тәрізді елдерден импортталатын табиғи газды сақтау қоймаларының қуаттылығы арттырылған.
Айта кетсек, бұған дейін Германия өзіне қажетті газдың жартысын, мұнайдың үштен бір бөлігін Ресейден импорттаған еді.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16