Универсиада-2023: Жүлдегерлер елге оралды
Бұл елге оралған Универсиада жүлдегерлерін күтіп алу сәті. Жанкүйерлер мен қала жұртшылығы жас спортшыларға құрмет қошамет көрсетті. Олардың арасында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек те бар. Ұлттық құраманың шорт-трек шеберлері мен биатлоншы Вадим Куралес елорда әуежайына ұшып келді. Намысты қолдан бермеген жерлестеріміз 3 алтын, 4 күміс пен 4 қола медальді еншілеп, 11-ші орынға жайғасты. Шорт-трекшілер екі бірдей күміс медаль алды. Біріншісі - 2000 метр қашықтықтағы аралас эстафетада. Екіншісі - ерлер құрамасының 5000 метрге жүгіру эстафетасы. Бұл сында ел намысын Әділ Ғалиахметов, Санжар Жанисов, Валерий Клименко қорғады.
Әділ Ғалиахметов, XXXI Қысқы Универсиада ойындарының жүлдегері:Мен Алматыда өткен чемпионаттан қатты жарақат алып қалдым. Емделуге көп уақыт бөле алмадым. Бір аптадан соң бірден АҚШ-қа аттандық. Жеңіліске соның да әсері тиген болар.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08