Пәкістанда автобус құлап, 41 адам қаза тапты
Пәкістанда қайық аударылып, 10 бала қаза тапты. Олардың жасы жеті мен он екінің арасында. Қайғылы оқиға елдің солтүстік-батысындағы Хибер Пактунква провинциясында болған. Ал, осы мемлекеттің Балоджистан аймағында автобус көпірден құлап, өртеніп кетті. Соңғы мәліметке қарағанда, 41 адам қаза тапқан. Салонда барлығы 48 жолаушы болған. Олар мінген қоғамдық көлік осы провинция астанасы Кветтадан Карачи қаласына бара жатқанда апатқа ұшырады. Кей болжамдарға қарағанда, жүргізушінің жылдамдықты шектен тыс асыруы қайғылы жағдайға себеп болған.
Файсал Эдхи, төтенше жағдай қызметінің өкілі:
Кветтадан Карачиге баратын жолда көпір бар. Сонда автобус қатты жүріп, соғылып, өртеніп кетті. Осының салдарынан 41 адам қаза тауып, үшеуі жараланды. Зардап шеккендер жергілікті ауруханаға жеткізілді. Ал мәйіттер сот-медициналық сараптама орталығына және жеке басты анықтайтын жерге әкетілді.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16