Ливанда ондаған адам шеруге шығып, банктерге шабуыл жасады
Ливанда ондаған адам шеруге шығып, банктерді қиратып, өртеп жіберді. Ашынған салымшылар жылдар бойы депозитте жинаған ақшасын толық ала алмағаны үшін осындай әрекетке барған. Ливан банктері 2019 жылы есепшоттардан қаржы шығаруға заңсыз шектеу қойды. Содан бері азаматтар өздеріне тиесілі ақшаны соттасып немесе күшпен қайтаруға мәжбүр.
Жалпы соңғы үш жылда Ливан фунты долларға шаққанда 97 пайызға құнсызданды. Ел үкіметі болса, экономикалық дағдарыс пен қаржы тапшылығы проблемасын еңсеруге күш салып жатқанын мәлімдеді. Ал Халықаралық валюта қоры Ливанға несие бөлуден бас тартып отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16