Түркияда жер сілкінісінен 260 сағаттан өткен соң ұл бала құтқарылды
Түркияның Хатай провинциясында үйінді астында 260 сағат жатқан ұл бала тірі табылды. Мұның алдында Кахраманмараш қаласында 42 жастағы әйел құтқарылған. Ол құлаған ғимараттың астынан зілзаладан кейін 258 сағат өткенде шығарылды.
Түркия мен Сирияда 7,8 баллдық жер сілкінісі 6 ақпанда болды. Одан екі елде 42 мыңнан астам адам қаза тапты. Сонымен қатар 48 мыңдай ғимарат құлаған немесе зақымданған.
Жалпы алғанда, Түркияда бұл табиғи апаттан 15 миллиондай адам зардап шекті. Сондықтан, Бірікен Ұлттар Ұйымы бейсенбі күні халықаралық қауымдастықтан апат жайлаған аудандардың халқына көмекке 1 миллиард доллар жинау туралы өтініш жасады.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16