Түркияда тағы да жер сілкініп, 4 адам қаза тапты
Түркияда тағы да жер сілкінісі болды. Екі бірдей дүмпуден 4 адам қаза тауып, 213 тұрғын жараланған. Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігі хабарлады.
Зілзала Түркияның Сириямен шекаралас оңтүстік-шығыс аумағында болған. Бұл жолы Хатай провинциясына қарасты Антакия, Дефине, Самандағ қалаларында қуаты 6,4 және 5,8 баллдық дүмпулер тіркелді. Жер сілкінісінен біраз үй қирап, адамдар үрейленіп далаға қашқан.
Осы табиғи апаттан Сирияда 470 тұрғын жараланды. Сонымен қатар, Түркиядағы дүмпу Ливан мен Мысырда да сезілді.
Еске салайық ақпанның 6-сы күні Түркия мен Сирияда жойқын жер сілкіністері болды. 46 мыңнан астам адам қаза тауып, ондаған мың тұрғын баспанасыз қалды.
Айше Йылдырым, жергілікті тұрғын:
Баяғы қорқыныш, сол бір мазасыздық. Ішке кіре алмаймыз. Кірсек, қала алмаймыз. Білмейміз, не істеуге болады. Айтарға сөзім жоқ.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16