Украина тақырыбы Варшавада талқыланады
Украина тақырыбы Варшавада талқыланады. Польша үкіметі АҚШ президенті Джо Байденмен Киевке әскери ұшақтар беру мәселесін қарастырмақ. Мұны осы елдің сыртқы істер вице-министрі Павел Яблонский мәлімдеді.
Байден Варшаваға бірнеше сағат бұрын жетті. Ақ үй басшысы мұның алдында Киевке барып, президент Владимир Зеленскиймен кездесіп, Украинаға тағы жарты миллиард доллардың қару-жарағын жеткізетінін хабарлады.
Ресей президенті Владимир Путин Федералдық жиналысқа үндеу жолдап, Батысты Украинадағы «соғысты бастады» деп айыптады. Тағы бір сөзінде Кремль басшысы Вашингтонның өткен жылы Украинаны Қырым мен Севастопольге соққы беруге үгіттегенін атап өтті. Батыс пен Киев болса, мұндай мәлімдемелерді үнемі жоққа шығарып келеді.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16