Германияда әуежай қызметкерлері ереуілге шықты
Германияның аймақтық әуежайларының қызметкерлері 24 сағаттық ереуілге шықты. Сондықтан, Кельн, Дюссельдорф авиациялық терминалдарында 300-ден астам рейс тоқтап, мыңдаған жолаушы сапарға аттана алмады. Бірқатар әуежай босап қалған. Өйткені, олар жолаушыларға наразылық акциясы болатынын алдын-ала хабарлады.
Осы айдың басында Германияның негізгі жеті әуежайында митинг өткенде, 300 мыңдай адам діттеген жеріне жете алмады. Кәсіподақтардың басшылыққа қояр негізгі талабы – жалақыны көтеру.
Озай Тарим, «Верди» кәсіподақ ұйымының хатшысы:
Біз жексенбіде жұмыс істегеніміз үшін көбірек жалақы алғымыз келеді: Бұған қоса, мемлекеттік мерекелерде қосымша ақы төленуі керек. Өйткені әуежай жексенбі немесе мейрам күндері жабылмайды, қызмет етеді. Тәулік бойы тыным таппайды. Сонымен қатар, мемлекеттік сектор жұмысшылары бар. Олар айлықты 10 жарым пайызға өсіруді сұрап отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16