Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-дегі бесінші жеңісіне қол жеткізді
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-дегі бесінші жеңісіне қол жеткізді. Ол америкалық Джефф Нилды үшінші раунда қылғындыру әдісімен тізе бүктірді. Айта кетейік, Шавкаттың қарсыласы лигадағы үздік жетілікте болатын. Ал отандасымыз 9-орында еді, жаңартылған рейтингте бірнеше саты жоғары көтерілуге тиіс. Кәсіби мансабындағы 17 жекпе-жегінің барлығын уақытынан бұрын аяқтаған. 2018 жылдан бері ешбір қарсыласы үшінші раундқа дейін шыдаған жоқ. Бұның себебін жекпе-жектен кейінгі сұқбатында өзі былай деп түсіндірді.
Шавкат Рахмонов, спортшы:
Шынымды айтсам, өте мықты болды. Қаншама соққыларды көтерді. Мені де ұрды. Мен де шыдадым. Мен білетін едім, жаным шықпағанша төбелесемін ғой мен де. Сондай рухпен, сондай оймен келіп тұрғаннан кейін мынадай жекпе-жекке бүкіл қазақ елінің абыройын көтеріп, жайдан-жай беретін адам емеспіз ғой біз де.
Серік Селеубай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16