Иракта ішімдікке тыйым салынды
Иракта алкогольдік ішімдіктерге тыйым салу туралы 2016 жылы қабылданған заң күшіне енді. Оның неліктен кеш қолданыла бастағаны белгісіз. Кейбір пікірлерге сай, жеті жыл бұрынғымен салыстырғанда, қазір ислам партияларының ықпалы артқан. Сондықтан, заң енді ғана әрекет ете бастады. Құжатқа сәйкес, импорттық алкоголь өнімдеріне тыйым салынады, оларды жергілікті нарықта сатуға немесе отандық өніммен алмастыруға болмайды. Жаңа заңды халық жаппай қолдап отырған жоқ. Тіпті бірқатар тұрғындар осының салдарынан Иракта есірткіге әуестенушілер көбеюі мүмкін деп алаңдайды.
Әли Әс-Сахеб, Бағдад тұрғыны:
Ирак – көп мәдениетті, еркін ел. Екінші жағынан, алкогольді сатуға және ішуге тыйым салу адамдарды балама әдістерді іздеуге мәжбүрлейтінін бәрі біледі, соның ішінде билік басындағылар да бұдан хабардар. Дәлірек айтсақ, адамдар қайтадан есірткіге немесе марихуанаға жүгінуі мүмкін. Бұл – осы заңның жағымсыз салдарлары.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16