Африканың оңтүстік жағалауында «Фредди» дауылы соқты
Бүгін Африканың оңтүстік жағалауына «Фредди» тропикалық дауылы соққы берді. Соның салдарынан Мозамбик пен Мадагаскарда кемінде 27 адам қаза тапқан. Және де алапат желдің екпінінен кейбір аудандарда ағаштар құлап, үйлер зақымданды. Метеорологтардың ескертуінше, дауыл қайталанған жағдайда Мозамбиктің өзінде жарты миллионнан астам адам үлкен қауіпке душар болуы мүмкін.
Ал Австралияның солтүстік-батысында төпелеп жауған жаңбыр соңы алапат тасқынға ұласты. Сондықтан Квинсленд провинциясында ондаған адам биік жерге көшірілген.
«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, құтқару операцияларына полицейлер мен тікұшақтар да тартылып жатыр. Дегенмен, зардап шеккен адамдар туралы мәлімет әзірге түскен жоқ.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16