Қытайда парламент сессиясы аяқталды
Бүгін Бейжіңде Қытай парламентінің жыл сайынғы сессиясы өз жұмысын аяқтады. Оған елдің түкпір-түкпірінен 3 мыңға жуық делегат қатысты. Жиын соңында президент Си Цзиньпин сөз сөйлеп, ұлттық қауіпсіздікті нығайтып, әскери қуатты арттырып, Тайваньды елдің материктік бөлігіне қосу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар отырыста елдің жаңа премьері болып 63 жастағы Ли Цянь тағайындалды. Ол басқаратын кабинетке 26 министр кіреді. Олардың екеуі – әйел. Және де президент Си Цзиньпин бұрыннан қалыптасқан саяси дәстүрді бұзып, үшінші мерзімге қалып, әлемнің екінші экономикасын тағы 5 жыл басқаратын болып отыр. Тағы бір айта кететін жайт - сессия барысында елдің жалпы ішкі өнімін биыл 5 пайызға өсіру жоспары да жарияланды.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16