АҚШ-тағы торнадоның соққысынан 26 адам қаза тапты
АҚШ-тың Миссиссипи штатында алапат торнадоның соққысынан 26 адам қаза тапты. Тағы жүздеген тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Жергілікті биліктің болжамынша, аймақта тағы да жойқын дауыл соғуы мүмкін. Жұма күні Миссиссипиден бастап, Алабамаға дейінгі аралықта көтерілген сұрапыл құйыннан ағаштар құлап, жүк машиналары аударылып, үйлер қирап, электр сымдары үзілді. Осыған байланысты президент Джо Байден аймақта төтенше жағдай жариялап, қатты зардап шеккен елді мекендер мен қалаларға федералдық үкіметтен көмек берілетінін хабарлады. Сонымен қатар, Миссиссипи тұрғындарына жәрдемдесуге Арканзас, Теннеси, Луизиана штаттарынан еріктілер аттанды.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16