Францияда зейнетақы реформасына қарсы жалпыұлттық шерулер қайта басталды
Осылайша, бірер сағат бұрын Францияда зейнетақы реформасына қарсы жалпыұлттық шерулер қайта басталды. Ал, Нант қаласында демонстранттар полициямен қақтығысып, бір банкке от қойған. Қаңтардан бері мұндай акцияларға миллиондаған адам қатысты. Соған қарамастан, екі апта бұрын үкімет арнайы конституциялық құқықты пайдаланып, даулы заңды Парламенттің даусына салмай қабылдап жіберді. Оған сәйкес, азаматтар енді зейнетке бұрынғыдай 62-де емес, 64 жаста шығуы керек.
Биліктің мәлімдеуінше, бұл өзгеріс, қоғамы қартайып бара жатқан Францияның зейнетақы қорын күйреуден қорғау үшін қажет. Алайда, кәсіподақтар мен оппозицияның ойынша, қаржылық балансты сақтаудың бұдан да басқа жолдары бар. Қарапайым тұрғындар болса, құрметті демалыс жасында жұмыс істеуге қарсы.
Ноэль Кассен, 69 жастағы шеруші:
Наразылық акциясына осымен 10-шы рет шығып отырмын. Өйткені, 64 жасқа дейін, яғни, өлгенше жұмыс істеуге мен де қарсымын. Реформаның өзіме тікелей қатысы жоқ. Себебі, зейнет демалысына баяғыда кеткенмін. Бірақ, бәрі өз қара басын ойлаған мына әлемде өзгелермен бірлікте екенімді көрсеткім келеді, демонстранттарға қосылдым.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ж. Сүлейменов: Деструктивті ағымдар жаңа әдістерді қолдануға көшті
30.07.2026, 20:47
Колледждерде сұранысқа сай мамандар даярлау күшейтіледі
30.07.2026, 20:09
АҚШ Иранға қайта соққы берді
30.07.2026, 20:09
«Болашақ ойындары»: Фиджитал-баскетбол жарысы өтіп жатыр
30.07.2026, 20:08
Аида Балаева халықаралық музыкалық байқаулардың жүлдегерлерін құттықтады
30.07.2026, 20:05
Енді салалық дәрігерге қаралу үшін терапевт жолдамасы қажет емес
30.07.2026, 20:05
Жыл басынан бері 4500 самокат жүргізушісіне айыппұл салынды
30.07.2026, 20:04
БҚО-да Құрылтай сайлауы кезінде мүгедектігі бар жандарға 55 инватакси қызмет етеді
30.07.2026, 20:03