АҚШ-та жүк пойызы апатқа ұшырады
АҚШ-тың Миннесота штатында жүк пойызы жолдан тайып, өртке оранды. Оның цистерналарына этанол мен жүгері шәрбаты құйылған. Оқиғаға байланысты жақын маңдағы Раймонд қаласының кейбір тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Ешқандай адам жараланған жоқ. Дегенмен, көп кешікпей халықты эвакуациялау туралы бұйрық доғарылған. Өйткені өрт пен химиялық заттан төнген қауіп сейілді. Ақпанда Огайо штатының Шығыс Палестина қаласынының маңында дәл осылай пойыз апатқа ұшырағанда, миллиондаған литр қауіпті материал төгіліп, қоршаған ортаны ластаған. Тағы бір айта кететін жайт, Құрама Штаттарда жыл сайын мыңға жуық пойыз рельстен шығып кетеді.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16