Лукашенко атысты дереу тоқтатуға шақырды
Президент Александр Лукашенко халқына үндеу жолдап, Ресейдің тактикалық ядролық қаруы елін Батыстан қорғайтынын мәлімдеді. Және ол Беларуське көршісі Польша басып кіруді жоспарлап отырғанын хабарлады.
Айта кетсек, Ресей президенті Владимир Путин Беларуське тактикалық атомдық арсенал орналастыру ниетін наурыздың 25-де жариялады. Лукашенконың сөзінше, Ресей өзіне қатер төнгенін сезсе, «ең қорқынышты қаруды» қолдануға мәжбүр болады. Сонымен қатар, Лукашенко бүгінгі сөзінде Украинада тез арада атысты тоқтатуға және тұрақты бітім туралы келіссөз бастауға шақырды.
Александр Лукашенко, Беларусь президенті:
Егер Украинаны Батыстың қаруымен толтырса және оның әскерилері қайта дайындықтан өтсе, біздің тараптан да армада болады. Бұның салдарынан жарты миллион адам ғана өліп, жараланбайды. Сондықтан, жағдай тіпті ушығып кетпей тұрғанда, атысты дәл қазір тоқтатуымыз керек.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ж. Сүлейменов: Деструктивті ағымдар жаңа әдістерді қолдануға көшті
30.07.2026, 20:47
Колледждерде сұранысқа сай мамандар даярлау күшейтіледі
30.07.2026, 20:09
АҚШ Иранға қайта соққы берді
30.07.2026, 20:09
«Болашақ ойындары»: Фиджитал-баскетбол жарысы өтіп жатыр
30.07.2026, 20:08
Аида Балаева халықаралық музыкалық байқаулардың жүлдегерлерін құттықтады
30.07.2026, 20:05
Енді салалық дәрігерге қаралу үшін терапевт жолдамасы қажет емес
30.07.2026, 20:05
Жыл басынан бері 4500 самокат жүргізушісіне айыппұл салынды
30.07.2026, 20:04
БҚО-да Құрылтай сайлауы кезінде мүгедектігі бар жандарға 55 инватакси қызмет етеді
30.07.2026, 20:03