АҚШ-та Айға ұшатын экипаж анықталды
АҚШ-тың ұлттық ғарыш агенттігі NASA Айға ұшатын алғашқы әйел мен афроамерикалықтың есімдерін жариялады. Олар 44 жастағы Кристина Кох пен 46 жастағы Виктор Гловер. Ғарышкерлер жердің табиғи серігіне келесі жылдың соңында немесе 2025 жылдың басында «Артемис-2» миссиясы аясында «Орион» кемесімен аттануы керек. Сол экипаж құрамына тағы бір америкалық пен канадалық астронавт кіреді. Бұл төрттіктің Айды айналып өтіп, қайта оралуы үшін 10 күн кетуі мүмкін. Айта кетсек, Айға адам ең бірінші рет 1969 жылы қонған еді. Ал соңғы рет 1972 жылдың желтоқсанында «Аполлон» кемесімен барып қайтқаны белгілі.
Кристина Кох, ғарышкер:
Осында болу үлкен мәртебе. Мен отбасыларымызға, ізбасарларымызға, әріптестерімізге және басшылығымызға үлкен алғыс айтқым келеді. Біз Кеннеди ғарыш орталығынан ұшпақпыз. Ал Жер орбитасына 8 минутта жетуіміз керек. Әрине, бұның бәріне дайындық керек. Бәрі жақсы болса, Айға да барамыз.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05