Иран мен Сауд Арабиясы дипломатиялық миссияларын қайта ашуға уағдаласты
Иран мен Сауд Арабиясы дипломатиялық миссияларын қайта ашуға уағдаласты. Тараптар әуе рейстерін қалпына келтіріп, виза рәсімдеу жұмысын жандандыруға да келісіп отыр. Мұны екі елдің сыртқы істер министрлері Бейжіңдегі кездесуінде мәлімдеді. Сауд Арабиясы мен Иран - бұрыннан аймақтық бәсекелестер. Олардың қарым-қатынасы жеті жыл бұрын Саудия үкіметі танымал шиит мұсылманды өлім жазасына кескен соң үзілген еді. Ал өткен айда екі жақтың өкілдері Қытайдың арағайындығымен татуласу туралы мәміле жасасты.
Мао Нинь, Қытай сыртқы істер министрлігінің өкілі:
Қытай Сауд Арабиясы мен Иран қатынастарының үздіксіз жақсаруын құптайды және бағалайды. Және де біз екі жақтың өзара сенімін үздіксіз арттырып, күмәнді айқындап, тату көршілікке қол жеткізу үшін делдалдық рөлін атқара береміз. Сонымен қатар Қытай Таяу Шығыстың қауіпсіздігіне, тұрақтылығына, дамуына да үлес қосуға әзір.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16