Әлем елдерінде Айт намазы оқылды
Бүгін әлем мұсылмандары мешіттер мен алаңдарға, тіпті стадиондарға жиналып, Аллаға құлшылық етті. Айт намазына миллиондаған адам қатысты. Таяу Шығыста, Африка мен Еуропада жамағат қасиетті мерекені қалай қарсы алғанына тілшіміз шолу жасайды. Бүгін Қатар астанасы Дохада мұсылмандар былтыр футболдан Әлем чемпионаты өткен стадионда Аллаға құлшылық етті. Соңғы мәліметке қарағанда, бұл алаңға 15 мыңдай адам жиналған.
Сүлейман Бахи, мешіт қызметкері:
Бүгін Айттың бірінші күні. Барлығымыз қуаныштымыз. Құрбан айт намазын қалалық стадионда алғаш рет өткізіп жатырмыз. Бір жағынан жамағат мұнда әлем чемпионатын еске алды. Көлемі 12 шаршы шақырым стадионға отбасылар мен қоғамның барлық топтарын, ұлттар мен түрлі мәдениет өкілдерін жинадық.
Ритал Бадра, намазға қатысушы:
Бұл өте әдемі кездесу болды. Барлық мұсылмандардың бірге құлшылық етіп, бір-бірімен әңгімелескеніне көргеніме өте қуаныштымын. Және де мен өзім сияқты адамдардың қасында қауіпсіз сезінемін»
Иерусалим мен Газада мыңдаған адам Айта намазында Алладан ең алдымен бостандық пен бейбітшілік тіледі.
Нуреддин Әл-Раджаби, Иерусалим тұрғыны:
Бұл жылда барлық отбасылар мен тұтқындар бақытты болсын. Еліміз Израиль мен оның түрмелерінен босатылып, мұсылмандарға оралсын деп тілеймін.
Қарулы жанжал жүріп жатқан Ливияның шығысында Айт бүгін басталды. Ал, батысы оны ертең тойламақ.
Осама Әлирфи, Бенгази тұрғыны:
Адамдардың бөлінгені дұрыс емес. Екі аймақты екі түрлі үкімет басқарады. Олар Айт мерекесінің басталатын күнін өздерінше белгілеп жатыр. Меніңше, бұл мейрамды біз Тунис пен Мысыр тәрізді жұмада тойлауымыз керек.
Албаниялықтар Айт намазын ел астанасы Тирананың орталық алаңында оқыды. 2011 жылғы зерттеуге қарағанда, бұл балқандық мемлекет тұрғындарының 57 пайызға жуығы мұсылмандар.
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы