Үндістан халық саны бойынша Қытайды басып озады
Осы айдың соңында Үндістан халық саны бойынша Қытайды басып озады. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті мәлімдеді. Сәуірдің аяғында Үндістан тұрғындарының саны 1 миллиард 425 миллион 775 мыңнан асады. Осылайша, оңтүстіказиялық мемлекет-- әлемдегі адам ең көп тұратын елге айналуға жақын.
Жергілікті экономистер мен сарапшылардың пікірінше, жастар көп тұратын Үндістанда білім алуға, жұмыс істеуге мүмкіндік жасалса, ел халқының көбейгені алаңдатарлық мәселе емес. Ал өзге бір мамандардың ойынша, үндістандықтардың көбеюіне адамдардың бұрынғыдан ұзақырақ өмір сүруі деп себепші.
Джайасри Сундар, акушер-гинеколог:
Адамдар бұрынғыдан ұзағырақ өмір сүретіндіктен, халық саны көбейіп жатқанын түсінуіміз керек. Мәселен, 1950 жылы елімізде тұрғындар орта есеппен 50 жыл жасаса, қазір бұл көрсеткіш 72-ге жуықтады, таяуда 77-ге дейін көтерілуі мүмкін. Демек, біз дені сау қоғам құруды басты мақсат етуіміз керек.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16