Сербияда мектептегі атыстан 9 адам қаза тапты
Сербия астанасы Белградта мектепте оқ атқан күдікті тұтқындалды. Елдің ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, 14 жастағы жасөспірім полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ол бүгін таңертең өз сыныбына оқ жаудырып, 8 оқушы мен күзетшіні мерт қылған. Тағы алты бала мен мұғалім жараланып ауруханаға жеткізілді. Қазір дәрігерлер ауыр халдегі ұстазды құтқару үшін күресіп жатыр.
Жетінші сынып оқушысының неліктен мектепті қанға бөктіргені белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Сербияда мұндай оқиғалар сирек болады. Дегенмен, өткен ғасырдың 90-шы жылдарындағы тәртіпсіздіктер мен соғыстардан кейін тұрғындардың қолында жүздеген мың заңсыз қару қалған.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16