Сербияда тағы атыс болып, 8 адам қаза тапты
Сербияда тағы да атыс болып, 8 адам қаза тауып, 14-і жараланды. Осы жолы 2002 жылы дүниеге келген азамат ел астанасы Белград маңындағы Дубона ауылында қан төкті. Ол жергілікті паркте полиция қызметкерімен дауласқаннан кейін үйіне кеткен. Содан соң, күдікті автоматпен қаруланып, жүріп келе жатқан көліктен көшедегі адамдарға оқ жаудырды. Елдің ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, көп кешікпей шабуылшы тұтқындалды.
Президент Александр Вучич бұл оқиғаны ұлтқа жасалған шабуыл деп сипаттап, елді «іс жүзінде қарусыздандыруға» уәде берді. Естеріңізге сала кетсек, мамырдың 3-де Белградтағы мектептердің бірінде 13-тегі жасөспірім, 8 оқушы мен бір күзетшіні атып тастап, полицияға өз еркімен берілген еді.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16