Аргентинада мыңдаған адам шеруге шықты
Аргентина астанасы Буэнос-Айресте мыңдаған жұмысшы мен түрлі ұйымдардың өкілдері көшеге шығып, аштыққа, жұмыссыздыққа, қымбатшылыққа наразылық білдірді. Жағдайларының нашарлағанына шағымдану үшін демонстранттар Әлеуметтік даму министрлігіне келді.
Сәуірде Аргентинада инфляция деңгейі 109, ал орталық банктің пайыздық мөлшерлемесі 97 пайызға жетті. Соның салдарынан мұнда қазір әрбір төрт тұрғынның біреуі кедейшілікке ұшырап отыр.
Аргентинадағы экономикалық ахуалды өткен жылы басталған құрғақшылық қиындатып жіберді. Одан соя, жүгері және бидай экспортына нұқсан келіп, шетелдік валюта қоры сарқылып, үкіметтің ұлттық ақшаны нығайту әрекеттері оңтайлы нәтиже бермей отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16