Астанада арбадағы теннистен Қазақстан чемпионаты басталды
Астанада арбадағы теннистен Қазақстан чемпионаты басталды. Ел біріншілігіне Республиканың 7 өңірінен 40-қа жуық спортшы келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Жарыс екі этаптан тұрады. Бірінші кезеңде ойыншылар айналма жүйе бойынша сынға түседі. Сосын жартылай финал және финалдық бәсекелер болады.
Айта кетейік, қазір паралимпиадалық спорт түрі әсіресе Ақтау, Ақтөбе, Орал қалаларында кең қарқын алған. Тіпті олардың арасында Әлем чемпионатына барып, жүлделі оралғандар да бар.
Дастан Неязов, Халықаралық паралимпиадалық ойындардың жүлдегері:
Үлкен теннис арбаға мінгелі 1 жыл болды. Содан бастап қатысып жүрмін. Былтыр 2022 жылы Қазақстанда бірінші турниріміз болды. Еңбектеніп 1-орын алдық. Чемпион атандық. Италия еліне барып, Сардинио деген қаласында ашық турнир өтті. Жүлделі 2-орын алдым, бүгінгі дейін жаттығу жасап жүрміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16