Қазақстандық каратэшілер Беларусь елінен жеңіспен оралды
Қазақстандық каратэшілер Беларусь елінен жеңіспен оралды. Спортшыларымыз Жлобин қаласында өткен ТМД елдерінің II ойындарына қатысты. WKF нұсқасы бойынша өнер көрсеткен жекпе-жек шеберлері үш алтын мен бір күміс жүлдені қанжығаға байлады. Жарыс жолында Лия Қошқарбаева, Николь Ценгель, Лаура Әліқұл қарсылас шақ келтірмей, үздік деп танылса, Әбілмансұр Батырғали финалға дейін барды. Бас бапкер шәкірттерінің жетістігін жоғары бағалайтынын жеткізді.
Шаттық Қажымұқан, аға жаттықтырушы:
Команда бойынша біз енді үшінші орын алдық. Себебі бізде бес спортшы. Негізі толық құрамда 24 спортшы болуы керек еді. Мысалы Ресей толық құраммен келді. Беларусь, Әзербайжан, Өзбекстан бәрі толық құраммен келді. Бірақ соған қарамастан біз үшінші орын алдық. Үш алтынмен, бір күміс медальмен.
Серік Селеубайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16