Басты Жаңалықтар «МузАРТ LIVE» - Шымкентте

«МузАРТ LIVE» - Шымкентте

«МузАРТ LIVE» - Шымкентте
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының мегажобасында жасы 16 мен 25-тің аралығындағы 210 үміткер бақ сынауда.

«МузАРТ» тобы ізбасарларын ел ішінен іздеуді Оңтүстік Қазақстан облысында жалғастыруда. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының мегажобасында жасы 16 мен 25-тің аралығындағы 210 үміткер бақ сынауда.

Байқау шарты бойынша үміткердің музыкалық білімі болуы шарт емес. Сондай-ақ, музыкалық талғамы мен орындаушылардың құрамына да мән берілмейді. Іріктеу екі кезеңнен тұрады. Топ мүшелерінің айтуынша, алғашқы күнгі тыңдаудың өзінде ел ішінен бірқатар жастар ерекше өнерімен көзге түскен.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ
Бөлісу