БҚО-да игерілмеген жер телімдері қайтарылды
Батыс Қазақстан облысында шаруа қожалықтарынан игерілмей жатқан жер телімдері қайтарылды. Шыңғырлау ауданының прокуратурасы 90-нан астам жер телімінің бос жатқанын анықтады. Бір шаруа төрт жылдан бері егістік жерін игермеген. Талдаудан соң ауданы 1400 гектар болатын 4 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Жаңақала ауданында да заңбұзушылықтар анықталды. Аумағы 8 мың гектар, кадастрлық құны 22 млн теңгеден асатын 5 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Пайдаланылмаған жер телімдері енді басқа мұқтаж азаматтарға беріледі. Айта кетерлігі, өңірде 25 мың гектар жайылым тапшылығы бар.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16