Тұрар Рысқұлов туралы тың деректер жарияланды
Түркі халықтарының бірлігі үшін күрес жүргізген біртуар тұлға Тұрар Рысқұлов өткен ғасырдың алғашқы ширегінде Түркістан идеясын көтеріп, Түркі жұртының тұтастығына бар ғұмырын арнады. Оның тұлғалық болмысын айқындай түсетін еңбек жолы әлі де зерттелуі керек. Түркістанда өтіп жатқан «Тұрар және Түркістан идеясы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында ғалымдар мемлекет және қоғам қайраткері туралы тың деректерді баяндады.
Келелі басқосуға Түркия, Өзбекстан, Моңғолия елдерінен арнайы өкілдер мен еліміздің танымал ғалымдары, тарихшылар қатысып жатыр.
Дихан Қамзабекұлы, филиология ғылымдарының докторы, профессор:
Мемлекеттік деңгейдегі шараның Түркістаннан басталғаны өте маңызды. Өйткені бұл тұлғамыз Түркістанның бірлігі, Түркістанның жаңаруы, Түркістанның әлемдік деңгейдегі кез келген мемлекеттің сапасында қызмет ете алатынын дәлелдеген қайраткер. Тұрар Рысқұлов туралы немесе оның қатарластары туралы жаңа ой, жаңа фактілер шығып, сол біздің халқымызға, жұртшылыққа түсіндірілуі керек деп есептейміз.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16