Түркияда топырақ көшкіні үйді басып қалды
Түркияның Ризе қаласында толассыз жауған нөсер жаңбырдың кесірінен топырақ көшіп, бір тұрғын үйді басып қалды. Табиғи апаттан бір адам көз жұмған. Таңғы сағат жетілер шамасында алты қабатты тұрғын үйдің іргесіндегі топырақ сусып, бірінші қабаттағы бір пәтердің қабырғасын опырып жіберген.
Бір отбасының алты мүшесі топырақ астында қалды. 35 жастағы үйдің иесі оқиға орнында көз жұмған. Мамандар Ризе қаласында бір аптада он айлық жауын мөлшері жауғанын, сондықтан өңірде сел мен топырақ көшкіні қаупі сейілмегенін айтады.
Абдуллаһ Чермен, Ризе қаласының тұрғыны:
Таңертең қатты гүрілдеген бір дауыстан оянып кеттім. Алғашында жер сілкініп жатыр екен деп ойладым. Себебі ғимарат қозғалып тұрды. Балконға шығып төменге қарағанда ғана топырақ көшкіні болғанын түсіндім. Бірден төменге түсіп, топырақ басып қалған көршілерімізге көмекке асықтық.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16