Елімізде биыл адам саудасына қатысты 200-ге жуық қылмыс тіркелді
Жыл басынан бері адам саудасына байланысты 197 дерек тіркелген. 22 қылмыс «адам ағзасын мәжбүрлеп алу» бойынша қозғалған. Ал, кәмәлет жасына толмаған балаларды сату бойынша 6 қылмыстық іс тіркелген. Адам саудасы бойынша 17 іс қаралған. Мұны Ішкі істер министрлігі Астанадағы жиында айтты. Ведомство өкілінің айтуынша, мамандар бұл заңсыздықтың алдын алу үшін қарқынды жұмыс істеп жатыр. Әйтсе де, мұндай қылмыстар азаймай тұр. Биыл адам саудасымен айналысқан 70-ке жуық адам сотталған.
Шынар Көшербаева, ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары:
Өкінішке қарай, адам саудасы қылмысы анықталып жатыр. Ол іс жүзінде жыныстық және еңбек қанауы, бала саудасы, адам ағзасын сату, адамды қайыршылыққа салу сынды қылмыс түрлерімен сипатталады. Сондықтан бұған қарсы күресу үшін жүйелі шаралар қажет.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16