БҚО-да ауыл тұрғыны сібір жарасын жұқтырды
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданында ер адамнан сібір жарасы анықталды. Қошанкөл ауылының тұрғыны мал сойған кезде тері арқылы ауру қоздырғышын жұқтырып алған. Қазір науқас қалада ем алып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы бірқалыпты. Эпизоотиялық ошақ залалсыздандырылып, дезинфекциялық іс-шаралар жасалған. Мамандардың айтуынша, науқас айналасына қауіпті емес. Өйткені сібір жарасы тек ауру малдан жұғады. Облыста мұндай жағдай соңғы рет он жыл бұрын Жәнібек ауданында тіркелген.
Нұрлыбек Мұстаев, облыстық санитяариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті басшысының орынбасары:
Нақты диагноз қойылғаннан бастап, медицина, ветеринария қызметкерлерімен бірлесіп, толық эпидемияға қарсы бірлескен шаралар жүргізілген болатын. Науқаспен қарым-қатынаста болған азаматтар анықталып, барлығы да медициналық бақылауда, антибиотик терапия жүргізілді. Қазір науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында толығымен ем алуда.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16