Биыл Елордада тұмау жұқтырған науқастар саны көбейді
Биыл Астанада тұмау мен жедел респираторлы вирусты инфекция жұқтырғандардың саны көбейді. Өткен аптада жұқпалы дерт 7 мыңнан астам адамнан анықталған. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің ақпаратынша, науқастардан алынған талдау сынамасының нәтижесі тұмаудың мутацияланған түрінің көбейгенін көрсеткен. Оның ішінде: парагрипп, риновирус, аденовирус, бокавирус, коронавирус, МС-вирус, микствирус-9 сияқты вирус түрлері бар. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың көпішілігі вакцина салдырмаған. Ауруханаға түсіп жатқандардың арасында балалар көп, дейді. Басым бөлігі дамуы тежелген балалар.
Жомарт Убайдаев, дәрігер-инфекционист:
Ең көп кездесетін асқыну белгілері балаларда ентігудің пайда болуы. Яғни балалар жөтелген кезде ентігіп, бет-ауызы көгеріп кетеді. Егер, инголятор қоспасақ, гормондарды, адреналин қоспасақ пневманияның асқынған түріне айналып кететін ентігулер көп келеді. Және де екінші асқыну құлақтың ортаңғы бөлігінің қабынуы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05