СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендердің бәріне көмек көрсетілді
Солтүстік Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендердің бәріне көмек көрсетілді. Бұл туралы өңір әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Астанада өткен баспасөз мәслихатында айтты. Облыс басшысының сөзінше, Петропавлда жаңа шағын аудан салынған. Онда қазір тасқыннан зардап шеккен 700 отбасы тұрып жатыр. Жуырда бұл ауданда балабақша мен мектеп салынады. Сонымен қатар 1 мың 400-ге жуық пәтер сатып алынып, 200-ден астам үйді қалпына келтірген. Айтып өтейік, көктемгі тасқын кезінде облыстағы 4 мыңға жуық үй су астында қалды.
Ғауез Нұрмұхамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
Ақшалай өтемақы толық көлемде төленді. Уәде бергеніміздей, барлығы баспана алды. Бұл ретте Президент үндеуіне құлақ асып, солтүстікқазақстандықтардың баспана алуына қаражат бөлген меценаттар бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16