БҚО-да «Экологиялық туризм» фестивалі өтіп жатыр
Батыс Қазақстан облысында алғаш рет «ЭкоFEST» экологиялық туризм фестивалі өтіп жатыр.
Тәуелсіздік күніне орайластырылған іс-шарада қала мен өңірлерден келген 50 оқушы сайысқа түсті. 10 топқа бөлінген олар экология тақырыбында ғылыми зерттеу және жобалау жұмысын қорғап, туристік бағдарлау жарысында бақ сынады. Зияткерлік ойын ойнап, түрлі сауалдарға жауап берді. Фестиваль жас ұрпақ бойына экологиялық мәдениетті сіңіруге бағытталған. Өңірдің 12 ауданында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының туризм бөлімдері мен жас туристер стансасы жұмыс істейді.
Наз Тайырова, оқушы:
Жоба арқылы Батыс Қазақстан өңіріндегі проблемаларды білдік. Менің қорғағаным бекіре балықтары жайында. Бекіренің браконьерлердің кесірінен мүлдем азайып кеткенін білдім. Мәселені шешу жолына облыста бекірені көбейтетін ақылды жүйемен істейтін зауыт салу керек деп есептеймін.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16