Құлаған ұшақтың әуе жолы радарда көрсетілді
Әлемдегі мыңдаған ұшақ жайлы онлайн режимде нақты ақпарат ұсынатын «Flightradar24» бақылау қызметінің мәліметінше, ұшақ Әзербайжан астанасы Бакуден Ресейдегі Грозный қаласына бағыт алған. Кейіннен сайтта Ақтауға қарай ұшқан жолы көрсетілген. Ал Baku.ws ақпаратына сенсек, алдын ала мәлімет бойынша, апатқа ұшаққа құстың соғылуы себеп болған. Алайда нақты себеп әлі белгісіз. Дегенмен қазір Әзербайжаннан Ақтауға апаттық-құтқару қызметі жетті. Арнайы медициналық топ пен керек-жарақ жіберілген. Бұл жайлы AZAL әуе компаниясының ресми өкілі Баку телеарнасына сұхбат берді.
Фарид Гусейнов, AZAL әуе компаниясының ресми өкілі:
Апат болған жерде қазақстандық тараппен байланыс орнатылып жатыр. Сондай-ақ, Қазақстанның авариялық-құтқару қызметтері қажетті жедел қолдаумен қамтамасыз етуде. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы тергеу тобы құрылды. Бас прокурордың орынбасары қазір Қазақстанда жүр. Әзербайжаннан Ақтауға апаттық-құтқару қызметі аттанған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16